Автоматическое составление договоров
Последние документы
§ Товарная накладная  
§ Счет на оплату арендной платы  
§ Договор на оказание услуг по организации праздничного мероприятия  
§ Договор на оказание услуг шиномонтажного сервиса  
§ Исковое заявление о взыскании долга по кредитному договору  

Пример двуязычного договора


Скачать все автоматизированные шаблоны с программами автоматического составления документов


Мемлекеттік сатып алулар туралы
ШАРТ №81/04
Астана қ. 21 қаңтар 2013ж.
Астана қаласы әкімдігінің МКҚК «Аспан кала» (бұдан әрі - Кәсіпорын), 2017 жылғы 20 мамырдағы № 26376-1234-МК мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, одан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын, директордың м.а. Ә. Омарұлы Жарғы негізінде әрекет ететін бір тараптан және ЖШС "MacroSoftware", одан әрі «Жабдықтаушы» деп аталатын, директорi Р. Халилов Жарғы негізінде әрекет ететін бір тараптан, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңының 4 бабы, 1 тармағы, 60 тармақшасы (бұдан әрі - Заң) негізінде тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы (бұдан әрі - Шарт) осы Шартты жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:
1. Шарттың нысанасы
1.1. Тапсырыс беруші тапсырады, ал Жабдықтаушы Тапсырыс беруші үшін (бұдан әрі - Қызмет) осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын №1 Қосымша (Техникалық ерекшелік) бойынша міндеттемелерді өзіне алады.
1.2. Тапсырыс беруші Жабдықтаушымен көрсетілген қызмет Техникалық ерекшеліктерге сәйкес болуы жағдайында жұмысты қабылдайды және оларға осы Шартта көрсетілген талапта осы Шарттың 2.2.-тармағында белгіленген тәртіппен Жабдықтаушының есеп шотына аудару жолымен ақы төлейді.
1.3. Қызмет көрсету мерзімі Тапсырыс берушімен өтінішке қол қойылған уақыттан Тараптар өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.
1.4. Қызмер көрсету орыны Астана қ., Республика д., 123, МКҚК 118 каб.
2. Шарттың құны мен ақы төлеу тәртібі
2.1. Шарттың бағасы 150000 теңгені құрайды және Қызмет көрсетуге байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық салықтар мен алымдарды қамтиды.
2.2. Төлем Жабдықтаушымен төлем шоты берілгеннен кейін, 5 (бес) жұмыс күні ішінде, Жабдықтаушының есеп шотына аудару арқылы Тапсырыс берушімен жүзеге асырылады.
Тапсырыс беруші жұмысты қабылдағаннан кейін Жабдықтаушы шот-фактура мен шығын жөнелтпе қағазын ұсынуы тиіс.
2.3. Алдын ала есептесу үшін қажетті құжаттар:
1) қол қойылған шарт
2) төлем шоты
3) шот факутра
4) қызмет көрсету акты
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Жабдықтаушы өзіне міндеттеме алады:
1) Шарт бойынша өзіне алынған міндеттемелерді қызметтің кепілдендірілген деңгейімен толық және міндетті түрде орындауды қамтамасыз етуі тиіс;
2) № 1 Қосымшаға сәйкес анықталған көлемде қызмет көрсету керек;
3) Қызмет көрсетуге керекті құжаттардың барлығын, оның ішінде Қызмет көрсетуге лицензиялары мен патенттерінің, куәліктердің, Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін ұсынуға;
4) Жабдықтаушы Шарт шеңберінде көрсетілген қызмет, жасанды болмауына кепілдеме береді.
5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген қазақстандық қамтудың шарттарын қамтамасыз етуді, көрсетілген қызмет СТ-KZ сертификатын беруді міндетіне алады.
6) Қосымша 2- ге (Техникалық ерекшеліктері) сәйкес қазақстандық мазмұнның еншiсiн есептеу керек.
3.2. Жабдықтаушы осы Шарттың 2.2 тармағына сәйкес тиісті ақы төлеуді талап етуге құқылы.
3.3. Тапсырыс беруші Шарттың талаптарына сәйкес Жабдықтаушының Шарт бойынша көрсетілген қызметті қабылдауға және ақысын төлеуге міндеттенеді.
3.4. Тапсырыс берушінің құқысы бар:
1) кепілдендірілген мерзімде кқрсетілген Қызмет кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге;
2) Жабдықтаушы Қызмет көрсету кезінде келтірген зиянның орнын өтеуді талап етуге;
3) егер Жабдықтаушы Қызметті бекітілген мерзімде жеткізбесе, сапасыз Қызмет көрсетсе, Шарттың өзге де талаптарын бұзса біржақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы.
4) Шығыс жөнелтпе құжатына қол қойғанға дейін кез-келген уақытта Шартты орындаудан бас тартуға, Тапсырыс берушінің Шартты орындаудан бас тарту туралы хабарламасын алғанға дейін орындалған, Сатушыға көрсетілген Қызмет бөлігіне пропорционалды бекітілген баға бөлігін төлей отырып.
4. Сәйкестікке тексеру
4.1. Тапсырыс беруші көрсетілген қызметті Техникалық ерекшелікке және Шарттың өзге де талаптарына сәйкестігін тексеруі мүмкін. Бұл тексерудің барлық шығыстарын Жабдықтаушы көтереді. Тапсырыс беруші Жабдықтаушыны тексеру үшін өзінің уәкілетті өкілдері туралы жазбаша түрде және уақытылы хабардар етуі тиіс.
5. Тараптардың жауапкершілігі
5.1. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Жабдықтаушы Қызметті Шартта көзделген мерзімде жеткізе алмайтын болса, Тапсырыс беруші Шарт щеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен мерзім өткен әрбір күн үшін Шарт бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды. Тұрақсыздық айыбының ең жоғарғы сомасы Шарт бағасының 10 %-нан аспауы тиіс.
5.2. Егер Жабдықтаушы белгіленген мерзімнен 5 күн ішінде Қызметті көрсетпесе немесе Қызметті көрсету 1 аптадан көп мерзімге тоқтата тұрса не осы Шарт талаптарын бұза отырып сапасыз Өызмет көрсетсе Жабдықтаушы тарапынан Шарт талаптарының бұзылуы Шарттың күшін жоюға (бұзуға) әкелуі мүмкін.
5.3. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
6. Шартқа өзгерістер енгізу
6.1. Жабдықтаушыны таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында жасалған шартқа өзгерістер енгізуге:
1) жасалған Шартта көрсетілген Көрсетілетін қызметтер бірлігі үшін бағаны өзгертпеу шартымен сатып алынатын Қызметті көлеміндегі қажеттіліктің азаюына немесе артуына байланысты Шарттың бағасын азайту не арттыру бөлігінде жол беріледі. Қызметті көрсетудің жасалған шартын осылай өзгертуге осы көрсетілген Қызметтерды сатып алу үшін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегінде жол беріледі;
2) егер Жабдықтаушы көрсетілген Қызметі онымен жасалған шартын орындау үдерісінде көрсетілетін қызметті берілетін бағаның өзгертпеу шартымен, онымен жасалған Көрсетілетін қызметтердің шартының нысанасы болып табылатын көрсетілген Қызметті неғұрлым үздік сапалық және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзімін және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі;
3) егер Шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын Қызметтердың бағалары азаю жағына өзгерсе, тараптардың өзара келісімі бойынша көрсетілетін Қызметтердың бағасы және осыған сәйкес Шарттың бағасын азайту бөлігінде жол беріледі.

***
Шаблон документа доступен для загрузки по вышеуказанной ссылке или в библиотеках автоматических шаблонов, включенных в дистибутивы программ БЛИЦ Договор/Blitz Document.